Қазақстанда сейсенбі күні ауа райы күрт құбылады. Елдің бір бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, түнде топырақ бетінде -2°С-қа дейін үсік күтілсе, кей аймақтарда күндіз +38°С-қа дейін ыстық болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронттар біртіндеп ел аумағынан шығып барады. Дегенмен солтүстік пен шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде қарға ұласуы мүмкін. Кей жерлерде бұршақ түсу ықтимал. Қалған аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
-2°С-қа дейін үсік күтілетін өңірлер:
* Қостанай, Павлодар облыстарының солтүстігі,
* Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның шығысы,
* Қарағанды облысының солтүстік-шығысы,
* Ақмола облысының батысы мен солтүстігі.
Күндізгі ыстық:
* Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында – +35°С,
* Атырау облысында – +35…+37°С,
* Маңғыстау облысының оңтүстігінде – +38°С,
* Ақтөбе облысының батысында – +35°С.