Үндістанда маймыл қомақты ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен

/
Үндістанда маймыл қомақты ақша салынған сөмкені ұрлап кеткен

Үндістанда маймыл ақша салынған сөмкені ұрлап, ағаштың басынан купюраларды лақтырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Уттар-Прадеш штатының Аурайя ауданында ерекше оқиға болды. маймыл қолма-қол көп ақша салынған сөмкені ұрлап, көшенің ортасында купюроларды шашқан

Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, оқиғаның құрбаны мектеп мұғалімі Рохиташ Чандра болды. Сол күні ол банктен 960 доллар шешіп, ақшаны мотоциклінің сақтау бөлігіне салған.

Алайда маймыл көлікке секіріп мініп, сөмкені жұлып алып, жақын маңдағы ағашқа өрмелеп шыққан да, купюраларды шаша бастаған.

Көшеде болған куәгерлер құлап жатқан ақшаны жинауға асыққан.

«Бұл – оның маңдай терімен тапқан ақшасы, қайтарыңдар!», – деп айқайлаған оқиғаның бір куәгері.

Кейбір адамдардың көмегімен Чандра ақшаның бір бөлігін қайтарып алған

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары