Жамбыл облысында балаларға қатыгездік көрсету фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғынына қатысты екі кәмелетке толмаған баланы жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін қозғалған қылмыстық іс тергеліп бітіп, айыптау актісімен бірге прокурорға жіберілді. Бұл істі сот қарайтын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін полиция күдіктіні дереу қолға түсіріп, ол қамауға алынған еді. Жапа шеккен балалар Тараз қаласындағы Балаларды қолдау орталығына орналастырылып, оларға қажетті психологиялық және құқықтық көмек көрсетілді.
Аталған қылмыстық істің тергеуі Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында болды.