Ақтөбеде жүйелі түрде құқық бұзушылықтар жасаған жеке кәсіпкер жауапқа тартылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Полицияның ұсынысы бойынша Ақтөбе қаласында ойын-сауық мекемесінің қызметі уақытша тоқтатылды. Жыл басынан бері полицияның Жедел басқару орталығының "102" пультіне осы мекемеге қатысты шамамен 60 шақыру келіп түскен.
Тексеру нәтижесінде аталған ресто-бар мен оның келушілері тарапынан 10 әкімшілік құқық бұзушылық және 7 қылмыс жасалғаны анықталды. Сонымен қатар түнгі уақытта мекеме ішінде кәмелетке толмағандардың болуының екі фактісі тіркелген. Полицейлер жинаған материалдар Ақтөбе қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Сот шешімімен жеке кәсіпкер жауапқа тартылды.
Сонымен қатар мекеменің қызметі 1 ай мерзімге тоқтатылды.