Қазақстандық оқушылар Грекиядағы олимпиадада 4 жүлде жеңіп алды

/
Қазақстандық оқушылар Грекиядағы олимпиадада 4 жүлде жеңіп алды
Қазақстанның Грекиядағы елшілігі

22-23 тамыз күндері Грекияның Ежелгі Олимпия қаласында, Халықаралық Олимпиада академиясының (IOA) аумағында Экономика пәні бойынша халықаралық олимпиаданың – Economics Olympiad. 2025 финалы өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Білім жарысында қазақстандық мектеп оқушылары жоғары нәтиже көрсетті.

Аталған олимпиадаға әлемнің 28 елінен ұлттық іріктеулерден өткен 128 үздік оқушы қатысты. Финалға әр елден ұлттық турдың бес жеңімпазынан құралған командалар жиналды.

Қазақстан құрамасы айрықша жетістікке жетіп, төрт бірдей медаль жеңіп алды:

  • Батырхан Мұхтархан – алтын медаль және барлық қатысушылар арасындағы абсолюттік бірінші орын;
  • Елжан Заманбеков – күміс медаль;
  • Нұрнаным Мұхамеджан – күміс медаль;
  • Айым Жұбатқан – қола медаль.
  • Батырхан Мұхтархан АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланды, Польша, Чехия, Грекия, Тайвань және өзге де елдердің өкілдерін басып озып, олимпиаданың абсолюттік жеңімпазы атанды.

Олимпиада бағдарламасы экономика және қаржы салаларындағы теориялық және практикалық тапсырмалардан тұрды. Қатысушылардан терең білім мен оны нақты жағдайда қолдана білу қабілеті талап етілді.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары