Қытайда 17 жастағы қыз өзінен екі жас үлкен жігітін Мьянмадағы алаяқтарға 14 мың долларға сатып жібергенін Thaiger басылымы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жасөспірімдер бильярд клубында танысқан. Қыз жігітке бай отбасынан шыққанын айтып, жұмыс табуға көмектесемін деп уәде берген. Ақыры, 2025 жылдың ақпанында олар Бангкокқа бірге жолға шыққан.
Таиланд пен Мьянма шекарасында екеуі ұрысып қалған сәтте қарулы адамдар жігітке шабуыл жасап, телефон мен құжаттарын тартып алған.
Келесі төрт айда ол тұтқында ұсталып, онлайн-алаяқтықпен айналысуға мәжбүрленген. Жігітті норманы орындамаса, беліне темір таяқпен ұрып, басын үнемі тақырлап қырып отырған. Салдарынан ол 10 килограмнан астам салмақ тастап, есту қабілетін жоғалтқан.
Бұл уақытта қылмыскерлер оның отбасына хабарласып, 48 мың доллар көлемінде қаражат талап еткен. Төрт айдан кейін қажетті сома жиналып, жігіт босатылған.
Ал қыз болса, Таиландта демалыста жүріп, Қытайға оралғанда қамауға алынған. Оған алаяқтық пен адам саудасы бойынша айып тағылды.
«Оның жасы небәрі 17-де. Осындай жауыздыққа барады деп аім ойлаған. Оның мұндай жиіркенішті қадамға барғанына сене алмай отырмыз», – деді жәбірленушінің әпкесі.