«Желкесінен суырып аламын»: Тағы бір азамат Ілияс Сариевке алданғанын мәлімдеді

/
«Желкесінен суырып аламын»: Тағы бір азамат Ілияс Сариевке алданғанын мәлімдеді
Ашық дереккөзден

Танымал журналист Руслан Өтепбай Ілияс Сариевке қатысты тағы бір тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Таяуда жұмыс нөміріме Қуат есімді азамат хабарласты. Сөзіне сенсек, ол осыдан жарты жыл бұрын Ілияс Сариевке (бостандықта жүрген кезінде) 780 мың теңге берген. Ал Ілияс Қуатты белгілі бір медиа жобаларға қатыстырып, әлеуметтік желіде қолдаймын деп уәде еткен көрінеді. Ақыр соңында «ақшаны алған Ілияс хабарсыз кетті»,-дейді,- Қуат», делінген журналисттің парақшасындағы жазбада.

Журналистке Қуат есімді блогер хабарласып, Сариевке алданып қалғанын жеткізді. Оның сөзінше ол 780 мың теңге ақша аударған.

«Алаяқтықпен ұсталған Ілияс Сариевке кезінде 780 мың теңге аударған. Мені «танымал» етемін деп сұрап алған. Сенің көрсетілім саныңды көтерем, «хит» қыламын деді ғой. Мен оған ақша аударғанымды желкесінен суырып аламын», - деді өзін Қуат деп таныстырған азамат.

Айта кетейік, Ілияс Сариев пен Ақтоты Дүйсееваның соты 22 тамыз басталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары