Бұл туралы Times of India басылымы жазды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға Үндістанның Уттар-Прадеш штатындағы Читава ауылында болған. 30 жастағы жергілікті тұрғын Радж Бахадур әйелімен жанжалдан кейін екі қабатты үйдің террасасынан екі жасар ұлын төменге тастаған деген болжам бар.
Дау-дамай олардың үйінің төбесінде өрбіген сәтте ұлы Лалит қасында тұрған. Ашуға булыққан Радж баласын көтеріп алып, биіктен жерге лақтырған. Бала аудандық ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.
«Полицияға хабар түскен соң оқиға орнына бірден жеттік. Отбасы мүшелері баланы төбеден лақтырып жібергенін айтқанымен, алғашқы медициналық тексеру кезінде көзге көрінетін сыртқы жарақаттар анықталмады», — деді жергілікті полиция өкілі.
Қазіргі таңда баланың әкесі қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.