Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қоры басшысының соты өтті

/
Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қоры басшысының соты өтті
ашық дереккөзі

Алматыда «Елге көмек» қайырымдылық қорының басшысы, әлеуметтік желілерде «қазақ Робин Гуды» ретінде танылған Ілияс Сәриевке қатысты қылмыстық іс қарала бастады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Ол алаяқтық жасады деп айыпталуда.

Сот кабинетіндегі деректерге сәйкес, Ілияс Сәриевке Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы — «Өте ірі көлемде жасалған алаяқтық» бойынша айып тағылған. Осы бап бойынша онымен бірге 33 жастағы әйел де іс жүргізуде.

Істі Алмалы аудандық соты өндіріске қабылдады. Басты сот талқылауы 2025 жылдың 31 шілдесіне ашық форматта белгіленді. Процеске мемлекеттік айыптаушы, жәбірленушілер, айыпталушылар және олардың қорғаушылары шақырылды. Сот мемлекеттік тілде өтуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары