Үндістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 240 адамға жетті

/
Үндістандағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 240 адамға жетті

Солтүстік Үндістан штатында нөсер жауын, лай көшкіні мен кенеттен болған су тасқыны жүздеген адамның өмірін қиып, инфрақұрылымарды қиратып кетті., деп хабарлайды turkystan.kz.

Химачал-Прадеш штатында соңғы екі айда су тасқыны мен көшкіндерден кемінде 240 адам көз жұмған.

"Муссон маусымында қаза тапқандардың жалпы саны 240 адамға жетті. Оның ішінде 125 адам – көшкін, кенеттен болған су тасқыны және нөсер жауын сияқты ауа райына байланысты оқиғалардан, ал 115 адам төтенше жағдай кезіндегі жол-көлік апаттарынан мерт болды", – деп хабарлады елдің Төтенше жағдайлармен күрес басқармасы.

Қазіргі уақытта екі ұлттық автожол әлі де жабық, бұл таулы аймақтармен қатынасты қиындатып отыр. Бірқатар елді мекендерде жарық пен су беру жұмыстары іркіліп қалған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары