«Атын атамауды өтінді»: Алматыда алаяққа алданған профессорға 23 млн теңге сыйға берілді

/
«Атын атамауды өтінді»: Алматыда алаяққа алданған профессорға 23 млн теңге сыйға берілді

Алматыда алаяқтардың құрбаны болып, баспанасынан айрылған ҚазҰУ профессоры Кәкен Қамзинге халық 32 млн теңге жинап берді. Бұл туралы профессор желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды turkystan.kz

Оның йтуынша, қаражаттың 23 миллион теңгесін атын атамауды өтінген бір жомарт азамат әкеліп берген.

“Бір жарым ай бұрын баспанамнан айырылып қала жаздаған ауыр жағдай бастан өтті. Өкінішке қарай, алаяқтарға алданып, үйімді қайтарып алу үшін шілденің 5-інен бастап ел-жұрттан "жылу" жинауға мәжбүр болдым. Бұл мен үшін де, отбасым үшін де оңай шешім болмады. “Өлімнен ұят күшті” дейді. Бірақ сіздердің шынайы жанашырлықтарыңыз, қолдауларыңыз, жылы сөздеріңіз бізге үміт сыйлады.

Аллаға мың да бір шүкір, бүгін сол "жылу" жинауды ресми түрде тоқтататынымды қуана хабарлаймын. Осылайша, жиналған қаражат 9 529 836 теңгеге жетті. Ал енді ең күтпеген әрі жүректі елжіреткен сәт, бүгін бір қайырымды азамат (аты-жөнін айтпауды сұрады) жетпей тұрған үлкен соманың барлығын (23 млн теңге) қолма-қол әкеліп берді. Бұл – қаржылай көмек қана емес, сенімнің, бірліктің, мейірімнің нағыз көрінісі. Ол азаматқа Алла разы болсын! Отбасына, өзіне тек жақсылық тілеймін!”, – деді Кәкен Қамзин.

Профессор енді сатып алушы отбасыға толық ақшасын табыстап, үйді өз атына қайта рәсімдеуге кірісетінін мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары