Денсаулыққа қауіпті 7 бөлме өсімдігі

/
Денсаулыққа қауіпті 7 бөлме өсімдігі
сурет: istockphoto.com

Көптеген танымал бөлме өсімдіктері адам мен үй жануарлары үшін қауіпті болуы мүмкін. Олар құрамында уытты заттар бар, аллергия, улану және тіпті ауыр аурулар тудыруы ықтимал, деп хабарлайды turkystan.kz pstu.ru-ға сілтеме жасап.

  1. Диффенбахия – әдемі жапырақтарының астарында кальций оксалаты мен диффенбахин ферментін жасырады. Бұл заттар теріні, шырышты қабықты күйдіріп, көзге тисе көруді уақытша жоғалтуы мүмкін. Балалар мен жануарларға аса қауіпті.
  2. Олеандр – көз тартар гүлімен қатар, олеандрин және корнерин гликозидтерін бөледі. Теріні күйдіріп, жүрекке зақым келтіруі ықтимал.
  3. Плющ – құрамындағы сапониндер мен фалькаринол аллергия, дерматит және бронх түйілуін тудыруы мүмкін. Жемісінен қатты уланып қалу қаупі бар.
  4. Спатифиллум – «әйел бақыты» гүлінің тозаңы демікпе ұстамасын, ал шырыны тамақтың ісінуін шақырады.
  5. Азалия – андромедотоксин нейротоксині бас айналу, жүрек соғысының бұзылуын тудырады. Тозаңы қайың тозаңына ұқсас, аллергияны қоздыруы мүмкін.
  6. Фикус – сүті теріні тітіркендіреді, ал өзі зиянды кенелер мен зең саңырауқұлақтарының ошағына айналуы ықтимал.
  7. Букет гүлдері (лилия, нарцисс, гиацинт, хризантема) – құрамындағы уыт әсіресе мысықтарға қауіпті. Лилияның тозаңы мен суы бүйрек жеткіліксіздігін туғызуы мүмкін.

Ғалымдар қауіпсіз балама ретінде калатея, маранта, гибискус, мирт, хойя және драценаны таңдауға кеңес береді. Олар тек әдемі ғана емес, ауаны зиянды заттардан тазартуға да қабілетті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары