Қарағандыда жоғалған екі бала Теміртаудан табылды

/
Қарағандыда жоғалған екі бала Теміртаудан табылды
polisia.kz

Қарағандыда жоғалған екі баланы полиция Теміртаудан аман-есен тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анасының айтуынша, оның 11 жастағы қызы мен 6 жастағы ұлы аулаға ойнауға шығып, үйге қайта оралмаған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары 33 жастағы әйелді қатты мас күйінде үйінде ұйықтап жатқан жерінен тапты. Үйде оның таныс әйел де болған, ол балалардың сыртқы келбетін сипаттап берген.

Қаланың жеке құрамы дабыл бойынша көтеріліп, іздеу топтары адамдар көп жиналатын орындарды, жертөлелерді, шатырларды және қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

Көп ұзамай балалардың көршілес Теміртау қаласында екендігі жөнінде ақпарат келіп түсті.

Ювеналды инспекторлар олардың бірінің әкесімен байланысып, жағдайды түсіндірді және қамқорлық мәселесін шешу үшін келуді ұсынды.

Ал мас күйіндегі ана уақытша детоксикация орталығына жеткізілді. Есін жиған соң, ол қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Қазіргі уақытта полиция балалардың ересектердің еріп жүруінсіз өзге қалада қалай жүргенін анықтап жатыр.

Айта кету керек, бала іздеу операциясына 500-ге жуық адам – ювеналды полиция, учаскелік инспекторлар, криминалдық полиция, кинологтар, әскери қызметшілер және волонтерлер қатысты. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары