"Шамамен барлық мысықта болады": жасырын паразит адам миын баяу улайтыны анықталды

/
"Шамамен барлық мысықта болады": жасырын паразит адам миын баяу улайтыны анықталды
сурет: istockphoto.com

Ғалымдар кең таралған Toxoplasma gondii паразитінің ми жасушалары арасындағы байланысты қалай бұзатынын анықтады. Бұл паразит әдетте мысық нәжісі немесе шала піскен ет арқылы жұғады және адамның миына жетіп, нейрондарда ұзақ уақыт бойы ұйықтап жатқан циста түрінде сақталады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жаңа зерттеу нәтижелері бойынша, инфекция жұққан нейрондар басқа жасушалармен байланыс орнатуға арналған экстрацеллюлярлы везикулаларды (сигнал жіберетін кішкентай көпіршіктер) бұрынғыдан аз бөліп шығарады. Бұл сигналдардың өзгеруі мидағы тірек қызметін атқаратын астроциттер жұмысына кері әсер етеді. Астроциттер ми химиясының тұрақтылығын сақтауға жауапты, ал бұзылған сигналдар глутамат секілді нейротрансмиттерлердің реттелуін бұзады. Нәтижесінде мидағы химиялық тепе-теңдік әлсіз, бірақ ұзақ мерзімді өзгерістерге ұшырайды.

Toxoplasma gondii – біржасушалы паразит, әлем халқының үштен біріне жуығы оны тасымалдауы мүмкін. АҚШ-та бұл көрсеткіш шамамен 10-30% аралығында. Көп жағдайда жұқтырғандарда белгілер байқалмайды, бірақ иммунитеті әлсіз адамдарда бұл паразит ауыр неврологиялық аурулар тудыруы мүмкін.

Зерттеуді Калифорния университетінің Riverside медициналық мектебінің профессоры Эмма Уилсон бастаған топ жүргізді. Оның айтуынша, Toxoplasma инфекциясы мида созылмалы түрде иммундық жауапты қоздырады, бірақ бұл жағдай көбіне зиянсыз. Тек иммунитеті өте төмен адамдарда ғана ауру ауыр түрде байқалады.

Бұған дейінгі зерттеулер көрсеткендей, Toxoplasma астрациттерде кездесетін GLT-1 глутамат тасымалдаушысының белсенділігін төмендетеді. Бұл тасымалдаушы глутаматты синапстардан тазартуарқылы ми қызметінің шамадан тыс қозуын болдырмайды. Жаңа зерттеу инфекция жұққан нейрондардың везикулалар арқылы астрациттерге әсерін зерттеуге бағытталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары