Үндістанда дәрігерлер босану кезінде сәбидің қолын жұлып алған

/
Үндістанда дәрігерлер босану кезінде сәбидің қолын жұлып алған

Үндістанда құқық қорғау органдары босану кезінде болған қайғылы оқиғаны тергеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы The Times of India басылымы жазды.

Оқиға Харьяна штатына қарасты Мандихера қаласындағы ауруханада болған. Басылымның мәліметінше, босану кезінде «медициналық қызметкерлердің өрескел қателігі салдарынан» сәбидің қолы ауыр жарақат алып, ампутация жасалған.

Босанған әйелдің туыстарының айтуынша, жақындары аурухана қызметкерлерінің дөрекі және адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне тап болған. Сәби тірі қалған, ол көрші қаладағы ауруханаға ауыстырылды.

Қазір бұл дәрігерлік қателік бойынша арнайы құрылған комиссия тергеу жүргізіп жатыр. Мамандардың айтуынша, аталған ауруханада бекітілген медициналық хаттамалар сақталмаған. Сонымен қатар, дәрігерлер Үндістан Конституциясында кепілдік берілген өмір сүру және денсаулық құқықтарын бұзған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары