Таиландтың Бангкок қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
6 тамызды 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтуде.
60 келіге дейінгі салмақта Нұрислам Қалдыбаев бутандық Дечен Дорджиді мерзімінен бұрын жеңіп, финалға шықты.
65 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Илья Калинин филиппиндік қарсыласы Марк Эшли Фаджардоның жарыстан бас тартуына байланысты ақтық сынға өтті.
70 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Мұрсал малайзиялық Мухаммад Арифпен қолғап түйістірді. Нәтижесінде жеңіске жетті.
80 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Санжарәлі Бегалиев Үндістан өкілі Анкуштан басым түсті.
90 келіге дейінгі салмақта Темірлан Мұқатаев оңтүстіккореялық Ячан Мунды мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша финалға шықты.
Ал жарыс күнінің екінші бөлімінде әйелдер арасындағы жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.
Гүлназ Бөрібаева (48 келіге дейін), Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Шұғыла Нәлібай (75 келіге дейін) және Әсел Тоқтасын (80 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.