Қазақ хоккейшісі мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады

/
Қазақ хоккейшісі мансабын Солтүстік Америкада жалғастырады

17 жастағы Қазақстан жастар құрамасының шабуылшысы Бексұлтан Мақыш кәсіби мансабын Солтүстік Америкада жалғастырмақ, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Prosports.kz хабарлады.

Ол Канаданың Онтарио хоккей лигасында (OHL) ойнайтын «Уинсор Спитфайрз» клубымен ресми түрде келісімшартқа отырды. Ақпаратты клубтың баспасөз қызметі растады.

Бұған дейін Бексұлтан CHL драфтында таңдалған болатын. Бұл драфтқа Солтүстік Американың үш ірі жасөспірімдер лигасы – WHL, OHL және QMJHL кіреді.

Өткен маусымда Бексұлтан Бостондағы хоккей академиясында өнер көрсетіп, скауттардың назарына іліккен. Сарапшылар оның дайындық деңгейінің жоғары екенін және болашағынан зор үміт күттіретінін атап өткен.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары