OpenAI ChatGPT-дегі кей әңгімелерді интернетке әдейі таратып жібергенін мойындады

/
OpenAI ChatGPT-дегі кей әңгімелерді интернетке әдейі таратып жібергенін мойындады
сурет: istockphoto.com

OpenAI компаниясы ChatGPT қолданушыларымен болған кей әңгімелерді интернетке әдейі таратып жібергенін мойындады, деп хабарлайды turkystan.kz x.com-ға сілтеме жасап.

Бұл әрекетті олар «пайдалы әңгімелерді табуға бағытталған эксперимент» деп сипаттады.

Нақтырақ айтқанда, интернетте OpenAI пайдаланушылары жасаған сілтемелер арқылы қолжетімді болған чаттар Google іздеу жүйесіне де шығып кеткен. Алайда көптеген қолданушы өз әңгімелерінің бүкіл ғаламторға қолжетімді болып кеткенінен мүлдем хабарсыз болған.

Компания өкілдері бұл функцияны бүгін толығымен өшіретінін мәлімдеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары