Мьянмада 2021 жылдан бері күшінде болған төтенше жағдай режимі алынып тасталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мьянма әскері елде 2021 жылдан бері жалғасып келе жатқан төтенше жағдай режимінің күшін жойғанын мәлімдеді.
Kyodo агенттігінің мәліметінше, бұл қадам 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған парламенттік сайлауға дайындық ретінде жасалып отыр.
Еске сала кетейік, Мьянмада әскери билік 2021 жылғы 1 ақпанда азаматтық үкіметті орнынан тайдырған болатын. Бұл әрекет конституцияның армияны елдің негізгі кепілі деп таныған бабына сүйене отырып жасалды. Әскерилер 2020 жылғы қарашада өткен парламент сайлауында Ұлттық демократия лигасына болысып, жаппай бұрмалаушылықтар орын алды деп мәлімдеген.
Бұдан кейін елде азаматтық қақтығыстар өршіді. Адам құқықтарын қорғаушылардың дерегінше, бұл қақтығыстар салдарынан 6 мыңнан астам адам қаза тапқан. БҰҰ мәліметіне сәйкес, шамамен 2 миллион тұрғын ел ішінде босқынға айналған.