Өрт қауіпсіздігін сақтамаған зауытқа 1 млн теңге айыппұл салынды

Өрт қауіпсіздігін сақтамаған зауытқа 1 млн теңге айыппұл салынды

Өрт қауіпсіздігін сақтамаған зауытқа 1 млн теңге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
290
Павлодар мұнай-химия зауытына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 1 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Астана арнасы. Әкімшілік соттың қаулысына сәйкес, мұнай-химия зауыты өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауда заң бұзушылықтарға жол берген. Тексеру жұмыстары барысында оқу орталықтарындағы автоматты өрт сөндіру дабылқаққыштарының жөнделмегені анықталған. Сондай-ақ, өрт орын алған жағдайда адамдар шығарылатын жерлерде құтқаруға кедергі болатын биіктіктер табылған. Ал мұнай өңделетін кешен автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталмаған. Тексеру қорытындысына сай 25 заң бұзушылық  әшкереленді. Кәсіпорын өкілдері өз кемшіліктерін мойындап отыр. Алайда олқылықтың орнын толтыру  үшін қомақты қаржы керек екен. «Сот қаулысымен  «Павлодар мұнай-химия зауыты» әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабының 2-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 1 млн 60 мың 500 теңгеге әкімшілік айппұл жазасы қолданылды», –  дейді Павлодар облыстық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз хатшысы Гүлжихан Ақшалова.

Серіктес жаңалықтары