Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды – сауалнама

/
Қазақстандықтардың көпшілігі елдің даму бағытын қолдайды – сауалнама
istockphoto.com

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 79,4 пайызы елдің даму бағытын дұрыс деп санайды. Маусым айындағы зерттеу нәтижелері қоғамдағы тұрақты көзқарасты көрсетті. Бұл – қоғамда таңдалған бағытқа қатысты кең қолдау барын және әлеуметтік көңіл-күйдің орнықты екенін аңғартады, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Бұл туралы «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының Telegram-арнасында жарияланды.

Пікірлердің оң серпіні әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты да байқалады. Маусым айында респонденттердің 73,6%-ы бұл жағдайға оң баға берген. Бұл үрдіс халықтың қазіргі ахуалды қабылдауында тұрақтану үдерісі жүріп жатқанын көрсетеді.

Саяси жағдай да негізінен оң бағаланады: респонденттердің 76,2%-ы қазіргі жағдайға қанағаттанатындарын білдірген.

Қоғам тарапынан берілген жоғары оң бағалар көбіне саяси, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық факторлардың жиынтығына байланысты. Олардың қатарында ЖІӨ-нің 6%-ға өсуі, жаңа инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандардың салынуы мен іске қосылуы, ТКШ және көлік инфрақұрылымын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары бар.

Аталған социологиялық зерттеуді Қоғамдық саясат институты 2025 жылы 18 маусым мен 4 шілде аралығында жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 2000 қазақстандық қатысты. Сауалнама ұлттық репрезентативті іріктеме бойынша жүргізілді. Іріктеменің қателік мөлшері ±2,2%-дан аспайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары