Камчаткада 10 минуттан сәл астам уақыт ішінде магнитудасы 5.0, 4.8, 4.8, 5.3 және 6.0 болатын бес жер сілкінісі тіркелді., деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл ақпаратты Ресей ғылым академиясының Біріккен геофизикалық қызметінің Камчатка филиалы өз Telegram-арнасында жариялаған.
Сейсмологтардың мәліметіне сәйкес:
Магнитудасы 5.0 болатын жер сілкінісі Петропавл-Камчатский қаласынан 350 км қашықтықта болған;
* Алғашқы магнитудасы 4.8 болған сілкініс – 273 км;
* Екінші 4.8 – 212 км;
* Магнитудасы 5.3 – 230 км;
* Ең күшті, магнитудасы 6.0 – 402 км қашықтықта тіркелген.
Жер сілкіністерінің тереңдігі:
* Біріншісі – 64.8 км,
* Екіншісі – 10.8 км,
* Үшіншісі – 66 км,
* Төртіншісі – 56.5 км,
* Бесіншісі – 33 км.
Барлық жағдай бойынша әзірге сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.