Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға сотталуы мүмкін – адвокат

/
Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға сотталуы мүмкін – адвокат
Әлеуметтік желі

Адвокат Бағдат Амандосұлы атақты спортшы Шавкат Рахмоновтың жол апатына түскен әйелінің қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды turkystan.kz  Sports24.kz - ге сілтеме жасап.  

Адвокаттың айтуынша, екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы үшін жүргізушіні жеті жылға дейін көлік басқару құқығынан айыру, сондай-ақ бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, үкім шығару кезінде сот кінәлі тұлғаның кәмелетке толмаған балалары бар-жоғына назар аударады.

«Сондықтан, егер жүргізушінің 14 жасқа толмаған баласы болса, сот бұны жаза тағайындау кезінде ескереді» , – деді ол.

Заңнамаға сәйкес, ауыр қылмыстар бойынша (ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі осындай санатқа жатады) тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту мүмкін емес.

Еске салайық, спортшының келіншегі Toyota Land Cruiser 200 автокөлігімен Қарағандыдан Алматыға қарай келе жатып апатқа ұшыраған болатын. Ол рөлді басқара алмай, көлік аударылып кеткен. Шавкаттың келіншегі мен үш жастағы ұлы аман қалған. Ал 35 және 39 жастағы құрбылары көз жұмған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары