Қазақстанға 160 миллиард теңге инвестиция тартылады – Ауыл шаруашылығы министрі

/
Қазақстанға 160 миллиард теңге инвестиция тартылады – Ауыл шаруашылығы министрі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып келеді. Тауар айналымы 300 млн долларды құрайды. Бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз. 2018 жылдан бері 23 инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Соның 18-і іске қосылды. 5-і бойынша жұмыс істеліп жатыр. Біреуі бойынша бүгін Tiryaki Holding компаниясының өкілімен кездесу өткіздік. Білесіздер, бізде бидай көп. Сол үшін Астанада терең өңдеуі зауытын ашпақшымыз. Соған 160 млрд теңге инвестиция тартылады. Бірінші кезеңі – 110 млрд теңге. Екінші кезеңі – 50 млрд теңге. Бұл жоба өте маңызды. Бізде Солтүстік Қазақстан облысында бір-ақ зауыт бар», – деді ол.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары