Қауын ба, қарбыз ба – қайсысы пайдалырақ?

/
Қауын ба, қарбыз ба – қайсысы пайдалырақ?
сурет: istockphoto.com

Жаздың аптап ыстығында шөл қандырып, көңіл сергітетін ең танымал жемістер – қауын мен қарбыз. Екеуі де дәмді, хош иісті, әрі ағзаға пайдалы. Дегенмен, қайсысы денсаулыққа көбірек пайда әкеледі?

Құрамы мен калориясы

Қарбыз – 90–92% судан тұратын жеміс. 100 грамм қарбызда небәрі 30 ккал бар. Құрамында А және С дәрумендері, калий, сондай-ақ қуықасты безі ауруларының алдын алуға көмектесетін ликопин заты бар.

Қауынның калориясы сәл жоғары – 100 граммда шамамен 35–40 ккал. Қауын С дәруменіне, бета-каротинге (А дәруменінің бастапқы түрі), фолий қышқылына, калийге және табиғи қантқа бай. Сонымен қатар, қауында асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартатын талшықтар мол.

Пайдасы

Қарбыздың пайдасы:

  1. Шөлді тез қандырады;
  2. Қан қысымын реттейді;
  3. Бүйрек жұмысын жақсартады, несеп жүргізеді;
  4. Бұлшық еттің қалпына келуіне ықпал етеді;
  5. Құрамындағы антиоксиданттар ағзаны ерте қартаюдан қорғайды.

Қауынның пайдасы:

  1. Ас қорытуды жеңілдетеді;
  2. Қаназдықтың алдын алады;
  3. Теріні, шашты және тырнақты жақсартады;
  4. Жүйкені тыныштандырады;
  5. Иммунитетті нығайтады.

Кімге абай болу керек?

Қант диабетімен ауыратын адамдар үшін қауынды аз мөлшерде ғана тұтыну керек, себебі оның құрамында қант көп. Қарбызда да қант бар, бірақ ол қауынға қарағанда аздау.

Бүйрек ауруы бар жандарға да бұл жемістерді шамадан тыс жеуге болмайды, өйткені құрамындағы калий денеден дұрыс шығарылмай қалуы мүмкін.

Әр жемістің пайдасы әртүрлі. Мақсатыңызға қарай таңдай аласыз: Артық салмақтан арылғыңыз келсе немесе шөл қысса – қарбыз. Иммунитетті нығайтқыңыз келсе, ас қорыту мен қан айналымын жақсартқыңыз келсе – қауын. Ең бастысы – екі жемісті де піскенде, мөлшермен жеу.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары