АҚШ-та Торп Престон есімді азаматт бір ІТ-компания ресми түрде инженер-программист ретінде жұмысқа қабылдаған. Бірақ басшысы кейіннен ғана оның 11 жылдан бері түрмеде отырғанын білген. Анықталғандай, Престон жұмысын түрмеден қашықтан істеп жүр, бәрі заңды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі techcrunch.com-ға сілтеме жасап.
Шамамен алты ай бойы Торп Turso компаниясы жетекшілік ететін ашық кодты жобаға ерікті түрде белсенді түрде үлес қосып келген. Оның жұмысы әсерлі болғаны сонша, Turso-ның бас директоры Глаубер Коста оған тез арада ресми жұмыс ұсынған. Бірақ сол кезде Коста Торптың ерекше адам екенін түсінген.
«GitHub парақшасын қарап шыққанда, оның түрмеде отырғаны жайлы жазғанын байқадым. Бұған дейін ондай оқиғаны естімеппін», – дейді Коста TechCrunch-қа берген сұхбатында.
Шынында да, Торп есірткіге байланысты қылмысы үшін 11-ші жылын түрмеде өткеріп жатыр. Соған қарамастан, ол биыл мамырдан бері Сан-Францискода орналасқан венчурлық қаржыландырылған стартапта түрмеден толық жұмыс күнімен еңбек етіп келеді.
«Оған қаңтар айында алғаш рет жаздым, жай ғана танысып, түсінгім келді. Содан бері біз оның өмірлік ұстанымын түбегейлі өзгерткен ішкі серпілісі туралы терең әңгімелер айттық... Оның өмір жолын білген сайын, біз оған жеке тұлға ретінде одан әрі құрметпен қарадық», – дейді Коста.
Түрмеде отырса да, ол университетті тәмамдап, бағдарламалау тілдерін меңгерген және тіпті колледж студенттеріне онлайн дәріс оқи бастаған. Барлық сабағын да, жұмысын да түрме камерасынан қашықтан істеп келеді.
Қазір Престон ресми түрде инженер, тұрақты жалақы алып, болашағына ақша жинап жатыр.