«Қызын тоқтатуы керек еді»: Жәбірленушілер Перизат Қайраттың анасын қатаң жазалауды сұрады

/
«Қызын тоқтатуы керек еді»: Жәбірленушілер Перизат Қайраттың анасын қатаң жазалауды сұрады
Ғаламтор

Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотта Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Жарыссөзде 12 жәбірленуші сөз сөйледі. Олардың екеуі айыпталушының анасына қатысты қатты пікір білдірді.

Іс бойынша жәбірленуші Руслан Томашев Перизат Қайраттың қорына белгілі бір соманы аударғанын айтты. Бірақ нақты соманы атаған жоқ. Сонымен қатар ол Перизат Қайраттың анасын аямауды сұрады.

«Мен шығарылған шешіммен толықтай келісемін. Мұнда көптеген жәбірленушілер егде жастағы Ғайни Алашбаеваның жағдайына байланысты жеңілдік сұрап жатыр. Менің ойымша, мұндай нәрселерді түбегейлі тоқтату керек. Дертіне, жасына, басқа да себептерге қарамай, үкімді өзгеріссіз қалдырып, ешқандай жеңілдік бермеу қажет», – деді жәбірленуші.

Тағы бір жәбірленуші Амина Айманбетова Перизат Қайраттың анасы – Ғайни Алашбаеваның қызының әрекеттерін бақылауы тиіс болғанын айтты.

«Менің ойымша, барынша қатаң жазалау керек. Себебі, егер анасы үшін сұралса, ол қайда қараған? Қызын тоқтатып, осындай миллиардтарды ұрлауға жол бермеуі керек еді», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары