Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұбайы 58 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты министрліктің баспасөз қызметі растады.
Светлана Жақыпова 2023 жылдың қазан айынан бері министр қызметін атқарып келеді. Ол 1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын және Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.