Kaspi Перизат Қайрат пен оның анасынан 620 млн теңге талап етті

/
Kaspi Перизат Қайрат пен оның анасынан 620 млн теңге талап етті
Ғаламтор

Астанада су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде Kaspi Bank бөлген 620 млн теңгені жымқыру ісі бойынша сот отырысы жалғасуда, - деп хабарлайды turkystan.kz тілшісі.

Айыпталушылар ретінде Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева танылып отыр.

Тараптардың жарыссөзінде Kaspi Bank өкілі Айдар Ксенбаев айыпталушылардың кінәсі іс материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және сараптамалармен толық дәлелденгенін айтты. Оның айтуынша, қаражат айыпталушылар тіркеген ұйымның шотына өтеусіз негізде аударылған.

Банк айыптау тарабын қолдап, келтірілген залалдың толық сомасын өндіру туралы азаматтық талап қойды. Сондай-ақ тәркіленген мүлікті залалды ішінара өтеу ретінде беруді талап етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары