Павлодарда үшінші қабаттағы балконнан құлаған бала көз жұмды

/
Павлодарда үшінші қабаттағы балконнан құлаған бала көз жұмды
istockphoto.com

Қайғылы оқиға 19 шілде күні кешкі уақытта болған. Бұл оқиға туралы өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

«19 шілде күні сағат 21:55-те 2016 жылы туған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар бала үшінші қабатта орналасқан жалпы кіреберіс балконнан құлап кеткен. Ол көптеген жарақаттармен, сүйек сынықтарымен және көгерулермен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді», – деді Шәкенова.

Бүгін, 21 шілде күні, облыстық балалар ауруханасы баланың көз жұмғанын хабарлады.

«Бала ауруханаға түскен кезде жағдайы ауыр болды. Сүйек жарақаты көп болды, ішкі ағзалары зақымданған. Бірінші дәрежелі комада болды. Интенсивті терапия жүргізілгеніне қарамастан, 20 шілде күні түстен кейін науқастың жағдайы нашарлады. Реанимациялық шаралар нәтиже бермеді», – деді дәрігерлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары