Қызылордада жасөспірім полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтқан

/
Қызылордада жасөспірім полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтқан
Ашық дереккөзден

Қызылорда облысында жасөспірімге қатысты билік өкілін қорлағаны үшін қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс орталығының 16 жастағы тұрғыны 10 шілде күні таңға жуық облыс орталығындағы аудандардың бірінде басқа жасөспірімдермен бірге ұсталды.

Полицейлер тыныштықты бұзу дерегі туралы хабарлама бойынша келген кезде ол агрессивті мінез көрсетіп, полиция қызметкерін балағаттаған.
Оқиғаға қатысушылардың барлығы қалалық Полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, олардың ата-аналарына кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Билік өкілін қорлаған жасөспірімге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл жасөспірімнің осыған дейін де түрлі құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғандығы белгілі болды.

Жиналған құжаттардың негізінде ол профилактикалық есепке қойылды. Барлық құжаттар кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары