Қытайдың Гуандун провинциясына қарасты Фошань қаласында шілде айының басынан бері чикунгунья вирусына қатысты 478 жағдай расталды. Бұл туралы Shunde аудандық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Чикунгунья – адамға маса арқылы жұғатын вирустық ауру. Қоздырғышты алып жүретін масалар адамды шаққанда вирус қанға енеді. Ауру жиі дене қызуымен, буын мен бұлшықет ауыруымен, қатты әлсіздікпен өтеді. Дегенмен, ол сирек жағдайда ғана ауыр асқынуға алып келеді және 2–3 күн ішінде өздігінен жазылады. Бір рет ауырған адам бұл вирусқа өмір бойына иммунитет алады.
Қазір Қытайда жаңбырлы әрі ыстық маусым жүріп жатыр. Бұл – масалар ең белсенді кезең. Дәрігерлер Чикунгунья мен денге сияқты маса арқылы таралатын аурулардың қаупі артқанын ескертіп отыр.
Фошань билігі тұрғындарды сақ болуға шақырып, ауру ошағы болған үш ауданда эпидқадағалауды күшейтті.