Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев III Стратегиялық серіктестер форумында түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Конституция ауқымды өзгерістердің жаңа, шешуші кезеңіне жол ашты. Елімізде мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі жаңғырды. Қос палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай келіп, қазіргі таңда заң жобаларымен айналысуда. Жаңа мекеме – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Ең жоғары консультативтік орган – Қазақстан Халық Кеңесі өз жұмысын бастады. Түбегейлі өзгерістер қоғамның барлық саласында жүргізілетін болды. Азаматтарымыз қазірдің өзінде реформалардың оң ықпалына, игілігіне көз жеткізді. Қазақстан реформаларының ерекшелігі, бұл – алдын ала дайындалған жоспарға сәйкес ішкі «темірдей» логиканың болуы, яғни, нақты тәртіп пен сабақтастықтың сақталуы. Себебі ауқымды өзгерістер мен үстірт көзқарас ешқашан бірге жүрмейді, бір-біріне кедергі болады. Бұл – заңды нәрсе. Осылайша, түбегейлі реформалар жүргізу арқылы Қазақстан жаңа тарихи өсу, өрлеу дәуіріне қадам басты», – деді Президент.