Қазақстанда 8,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады – Ербол Мырзабосынов

/
Қазақстанда 8,5 млн адам спортпен жүйелі түрде айналысады – Ербол Мырзабосынов
istockphoto.com

Бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік спорт саясатының басты басымдықтарының бірі. Бүгінде 8,5 млн адам дене шынықтырумен және спортпен тұрақты айналысады. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның 3 млн-нан астамы – ауыл тұрғындары. Осылайша, спортпен тұрақты айналысатын халықтың үлесі 44,5%-ға жетті.

«Дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу қажет. Елімізде жыл сайын әртүрлі деңгейдегі 25 мыңнан астам бұқаралық спорттық іс-шара өткізіледі. Оларға 1,2 млн адам қатысады. Оның ішінде 500 мыңнан астамы – ауыл тұрғындары», – деді министр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары