Ұлытау облысында құмар ойынға 16 млн теңге салған мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды

/
Ұлытау облысында құмар ойынға 16 млн теңге салған мемлекеттік қызметкер жұмысынан қуылды
istockphoto.com

Ұлытау облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойындарға бәс тіккені үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер бірқатар шектеулерді сақтауға міндетті. Соның ішінде телекоммуникациялық желілер мен интернет-ресурстар арқылы өткізілетін құмар ойындары мен бәс тігуге қатысуға тыйым салынған.

«Жүргізілген талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы аталған талаптарды жүйелі түрде бұзғаны анықталды. 1XBET және OLIMPBET букмекерлік кеңселері ұсынған ресми ақпаратқа сәйкес, ол жалпы сомасы шамамен 16 миллион теңгеге құмар ойындарға бәс тіккен», – деп мәлімдеді прокуратурада.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде мемлекеттік қызметкер атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары