Мысыққа сүт беруге болмайды – Мамандар не дейді?

/
Мысыққа сүт беруге болмайды – Мамандар не дейді?
istockphoto.com

Мысықтар үшін сүт зиянды болуы мүмкін. Барлық сүтқоректі сияқты, мысықтың балалары (марғаулар) аналық сүт ішеді. Алайда, олар өсіп, шамамен 6–12 апталық жасында өзге тағам іше бастаған кезде, зерттеулерге сәйкес, лактозаны қорытуға қажетті лактаза ферментінің өндірісі тоқтайды. Бұл мысықтарда лактозаға төзбеушілік пайда болады дегенді білдіреді. Мысықтардың басым көпшілігі лактаза жетіспеушілігінен зардап шегеді және сүтті қорыта алмайды.

Егер үйіңізде марғау болса, оған сүт беруге асықпаңыз. Марғаулар лактозаны қорыта алатын болса да, бұл оларға сиыр сүтін ішуге болады деген сөз емес. Мысықтар сиырларға қарағанда әлдеқайда кіші, ал аналық мысықтың сүтіндегі лактоза мөлшері сиыр сүтіне қарағанда әлдеқайда төмен. Сондықтан, марғауға ең жақсысы – анасын емуге мүмкіндік беру немесе арнайы мысықтарға арналған сүт қоспаларын қолдану.

Мысық сүт ішсе не болады?

Лактоза — бұл қант түрі, ал мысық оны қорыту үшін тиісті ферментке ие болмаса, лактоза ішек арқылы қорытыла алмай, тоқ ішекке өтеді. Сол жерде бактериялар оны ашыта бастайды. Зерттеулер көрсеткендей, бұл үрдіс мысыққа жайсыздық тудырып, іштің кебуіне, газдың жиналуына, іш қатуға немесе құсуға әкелуі мүмкін. Сүт ішкен мысықтарда ең жиі кездесетін симптом — диарея (іш өту).

Созылмалы диарея мысықтағы су-электролиттік тепе-теңдікті бұзуы және тамақ жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін. Кейбір жағдайларда бұл денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Мысықтар неге сүтті жақсы көреді?

Сүттің құрамында май мен ақуыз мөлшерінің көп болуына байланысты, көбіне мысықтар көптеп ішкісі келеді. Әсіресе, сиыр сүтінде көп кездесетін казеин атты ақуыз мысыққа тыныштандырғыш әсер беруі мүмкін. Алайда, бұл сүт мысыққа пайдалы деген сөз емес.

Көптеген мысық сүтке қызығушылық танытуы мүмкін, бірақ бұл олардың сүтке зәрулігін білдірмейді. Бұл қызығушылық көбінесе оның иісі мен дәміне байланысты. Десе де ресек мысықтар сүт ішпейді.

Егер сіздің мысығыңыз лактозаны "көтере" алады деп ойласаңыз, тағы бір рет ойланыңыз. Мысықтар ауырсыну мен жайсыздықты өте жақсы жасырады (2003 жылғы зерттеу бойынша). Сондықтан құрамында лактоза жоқ, арнайы мысықтарға арналған сүтті таңдаңыз және оны өте сирек беріңіз.

Сондай-ақ, сұлы, соя немесе бадам сүті сияқты өсімдік тектес баламалардан да аулақ болу керек, өйткені олар да асқазан-ішек жолында бұзылулар туындатуы мүмкін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары