Бүгін Астанада қоғам белсендісі, қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы болған Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты сот ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды, деп хабарлады turkystan.kz сайты «24KZ» телеарнасына сілтеме жасап.
Олар алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру баптары бойынша айыпталуда.
Сот тыңдауының алғашқы минуттарында-ақ күдіктілер БАҚ өкілдерінің қатысуына қарсы екенін айтып, сот отырысын фото және видеоға түсіруге тыйым салуды талап етті.
Еске салсақ, 2023 жылдың қарашасында Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаржының бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алуға және шетелдік саяхаттарға жұмсалған.
Кейіннен Перизат Қайратқа Палестина халқына арналған гуманитарлық көмектен жиналған қаражатты иемденді деген қосымша айып тағы тағылды.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жалғасуда.