«Қысым жасалып жатыр»: Шерзат ісіндегі қорғаушы күтпеген мәлімдеме жасады

/
«Қысым жасалып жатыр»: Шерзат ісіндегі қорғаушы күтпеген мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың ісіндегі адвокат Мейірман Шекеев соттан кейінгі жағдайын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Адвокат Мейірман Шекеев сотталушылардың бірінің туысы министрлікте жұмыс істейтінін айтты. Оның сөзінше, қазір жолын жауып жүр.

"Маған сол кезде де айтқан. Сол сотталушылардың бірінің туысы министрлікте жұмыс істейді екен. Мен оның нақты кім екенін айта алмаймын. Қазір менің басқа істерімде сот арқылы қысым жасалып жатыр. Оны мен жақында көрсетемін. Мен өзім түсінбей қалдым. Себебі басқа істе сот маған жеке ұйғарым шығарады. Негізсіз. Менің айтпаған сөздерімді айттың деп, мен митингіге шақырыппын деген сөздерді келтіруі жеке ұйғарым шығарады. Мен осының бәрі сотталушылардың бірінің туысының маған жасап отырған қысымы деп қабылдаймын. Өйткені басқа жақтан ондай жел тұрған жоқ. Ол судьяның маған жеке ұйғарым шығаратындай негізі де жоқ. Айналып келгенде мені осы істен бас тартқызу ма әйтеуір осындай әрекет орын алды", - деді Мейірман Шекеев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары