Алматылық ер адам автобуста зейнеткерді аяусыз ұрған (ВИДЕО)

/
Алматылық ер адам автобуста зейнеткерді аяусыз ұрған (ВИДЕО)
istockphoto.com

Әлеуметтік желіде Алматыдағы автобуста ер адам зейнеткерді ұрып-соққаны түсірілген видео тарады.

 Бейнежазбада ақ жейде киген ер адам жасы үлкен кісіні жұдырықпен бастан және арқадан бірнеше рет ұрып жатқан сәті көрінеді.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамдар автобус салонынан шыққаннан кейін де жанжалды жалғастырған. Оқиғаға себеп зейнеткердің кішкентай қызға тиіскені болуы мүмкін деген бейресми ақпарат тарағанымен,  ресми түрде расталған жоқ.

Алматы қалалық полиция департаменті видеоны қарап шығып, ақ жейде киген ер адамды анықтап, ұстағанын хабарлады.

«Аталған оқиға бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, соның ішінде жәбірленушінің қайда екені анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкес құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары