АҚШ-тың баж салығы Қазақстан экспортының 95 пайызына әсер етпейді – Министрлік

/
АҚШ-тың баж салығы Қазақстан экспортының 95 пайызына әсер етпейді – Министрлік
istockphoto.com

2025 жылдың 7 шілдесінде  АҚШ Президенті 1 тамыздан бастап бірқатар елдерге, оның ішінде Қазақстанға қатысты жаңа импорттық баждар енгізілетіні туралы мәлімдеді. Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын өнімдер үшін жеткізілімдердің барлық көлеміне 25 пайыздық бірыңғай мөлшерлеме белгіленген.

Осы мәлімдемеге қатысты Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі пікір білдірді.

«Қазақстандық экспорттың басым бөлігі — мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал және титан сияқты негізгі шикізат пен стратегиялық тауарлар — жаңа тарифтердің қолданыстан алынуына байланысты жаңа бажсыз жеткізілуін жалғастыра береді. Қабылданған шаралар Қазақстан экспортының шамамен 95 пайызына әсер етпейді деп күтілуде. Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ҚР Үкіметі АҚШ әкімшілігіне өзара сауда шарттарын жақсарту жөніндегі нақты шаралар мен бастамаларды жолдады. Қазіргі уақытта Америка тарабы  Қазақстан ұсыныстарын  қарастыруда және келіссөздерді  өткізу күні туралы хабарлайды. Қазақстан ұлттық мүдделерін қорғау және тұрақты сауда-экономикалық әріптестікті дамыту мақсатында Америка тарапымен одан әрі келіссөздер жүргізуге дайын», - делінген Министрлік мәлімдемесінде.

Анықтама: Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 4,2 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл оның алдыңғы жылмен салыстырғанда 4% - ға жоғары (4,1 млрд. АҚШ).

Қазақстаннан АҚШ-қа экспорттың негізгі тауарлары: шикімұнай - 1,1 млрд. АҚШ долл. (үлесі 56,2%), уран - 322,9 млн. АҚШ доллары

(16,4%), күміс - 239,9 млн. АҚШ доллары (12,2%), ферроқорытпалар - 188,2 млн.АҚШ доллары (9,5%), тантал және одан жасалған бұйымдар - 17,6 млн. АҚШ (0,89%)және басқалар.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2025 жылғы қаңтар-мамырда 1 265,8 млн. АҚШ долларын құрады.

2025 жылғы қаңтар–мамырда Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 418,2 млн. АҚШ доллары болды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары