13 жастағы Дилан есімді оқушы Microsoft жүйесінен осалдық тауып, компанияның қауіпсіздік командасына қосылды, деп хабарлайды turkystan.kz msrc.microsoft.com-ға сілтеме жасап.
АҚШ-та 13 жастағы мектеп оқушысы Microsoft Teams платформасынан осалдық тауып, компанияның ресми багхантерлер (ақпараттық қауіпсіздік мамандары) қатарына қабылданды.
Оқушы дайындаған баг-репорт соншалықты кәсіби деңгейде болғандықтан, Microsoft баг-баунти бағдарламасының ережелерін өзгертуге мәжбүр болды: енді 13 жастан бастап қатысуға рұқсат берілді. Сонымен қатар, жасөспірім Microsoft-тың қауіпсіздік сын-қатеріне жедел жауап беретін MSRC тобына шақырылды.
Жаз бойы ол 20-дан астам осалдықты анықтап, жаһандық деңгейдегі Zero Day Quest хакерлік чемпионатында ересек кәсіби мамандардың арасынан үшінші орынды иеленді.