Оралда 25 жыл бұрын екі адамды атып өлтіргендерге үкім шықты

/
Оралда 25 жыл бұрын екі адамды атып өлтіргендерге үкім шықты
istockphoto.com

Алқабилер соты 25 жыл бұрын Оралда жасалған екі адам өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қылмыс 2000 жылғы 13 желтоқсан күні кешке Орал қаласында болған. Сотталушылар автокөліктің ішінде отырған екі адамды атып тастаған, оқтар олардың бастары мен мойындарына тиген. Екеуі де оқиға орнында көз жұмған. Қылмысқа қаржылық келіспеушіліктер себеп болған.

Ұзақ уақыт бойы бұл қылмыс ашылмаған. Тікелей айғақтар болмаған. Тек бірнеше жылдан кейін тергеушілер прокуратураның қолдауымен оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілердің ізіне түсті. Биылғы ақпан айында қылмысты ұйымдастырушы мен орындаушы деп танылған адамдар ұсталды.

Сотталушылардың бірі кінәсін мойындап, өкініш білдірсе, екіншісі өз кінәсін жоққа шығарды. Прокурор ең қатаң жаза тағайындауды сұрады. Қаза болғандардың туыстары да әділ жаза талап етті.

Алқабилер соты оларды алдын ала сөз байласу арқылы екі адамды атып өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Біреуі 19 жылға, екіншісі 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Екеуі де қауіпсіздігі барынша жоғары колонияға жіберіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары