"Тәтті сусын, алкоголь мен темекіні 50%-ға қымбаттату керек": ДДСҰ елдерге талап қойды

/
"Тәтті сусын, алкоголь мен темекіні 50%-ға қымбаттату керек": ДДСҰ елдерге талап қойды
сурет: istockphoto.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) барлық елді 2035 жылға дейін тәтті газдалған сусын, алкоголь мен темекі өнімдерінің бағасын кем дегенде 50%-ға қымбаттатуға шақырып отыр, деп хабарлайды, turkystan.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымның есебіне сәйкес, мұндай салық саясаты әлем елдерінің бюджетіне қосымша 1 трлн АҚШ долларына дейін кіріс әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл шаралар арқылы миллиондаған адамның өмірін сақтап қалуға болады.

ДДСҰ өкілдерінің айтуынша, басты мақсат – зиянды әдеттерден бас тарту арқылы «салауатты өмір салтын ең арзан әрі қолжетімді таңдау ету». Яғни, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданатын адамдар үшін өмір сүру әлдеқайда арзан әрі тиімді болуға тиіс.

Ұйым сарапшылары бұл ұсыныс тек салық кірісін арттырып қоймай, созылмалы аурулармен күресте де маңызды құрал болатынын атап өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары