Қызылордадағы балабақшада 2 жасар бала ыстық суға күйіп қалған

/
Қызылордадағы балабақшада 2 жасар бала ыстық суға күйіп қалған
Аlmaty.tv

Қызылордағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші мен көмекшісінің салғырттығынан 2 жасар бала ыстық суға күйіп қалған, деп хабарлады turkystan.kz сайты Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Баланың денесінің басым бөлігін термиялық күйік шалған. Сот-медициналық сараптама сәбидің денсаулығына ауыр зардап келгенін де растаған.

Қазір бүлдіршін ауруханадан үйіне шығарылды. Алайда кінәлілер әлі заң алдында жауапқа тартылмапты. 

«Түнімен ұйықтамайды. Тек ұйықтатын, қышытатынды басатын дәрілермен ұйықтайды. Сосын түнімен шошынады. Бала күтуші мен тәрбиеші өз еркімен жұмыстан босатылды. Біз оған көнбейміз. Негізі балабақша жабылады деген. Бірақ жабылды ма, білмейміз», - дейді қала тұрғыны Айнұр Айдарбекова.

Осы жағдайға байланысты облыстық Білім басқармасы тарапынан арнайы комиссия құрылып, жеке балабақшаға зерделеу жүргізілген. Нәтижесінде бірқатар кемшілік анықталып, бөбекжайды мемлекеттік тапсырыс аясында қаржылдандыру тоқтатылған. Ал тәрбиеші мен бала күтушіге қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары