52 жастағы ақтөбелік университет түлегі атанды

/
52 жастағы ақтөбелік университет түлегі атанды
Ақтөбе облысы әкімдігі

52 жастағы Қайсар Күлімов Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіндегі қазақ филологиясы факультетінде білім алып, оқуын сәтті аяқтады, деп хабарлады turkystan.kz.

Ол – Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Көп жылдық еңбек өтілі бар ұстаз кәсіби дамуын жалғастырып, 2023–2025 жылдар аралығында жоғары оқу орнында білім алды. Өз мамандығын терең меңгеруге деген ұмтылысы – өмір бойы оқуға негізделген ұстанымының айғағы.

«Мұғалім – әрдайым ізденісте болуы тиіс. Өзімді жаңартуға, оқушыларым алдында кәсіби жауапкершілігімді арттыруға талпындым. Білім алуға ешқашан кеш емес», – дейді білім алушы Қайсар Күлімов.

Қайсар Жазықбайұлының оқиғаcы – жас ерекшелігіне қарамастан, жаңалыққа, білімге ұмтылған жандар үшін шабыт берер мысал. Университет ұжымы мұндай білім алушылардың тәжірибесі мен табандылығын жоғары бағалайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары