Синоптиктер 29 маусымда Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғатынын және жел күшейетінін ескертті. Кейбір өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола облысында кей жерлерде жаңбыр жауады, батыста, солтүстікте және оңтүстікте кей жерлерде найзағай ойнайды, күндіз дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады: батыста, солтүстікте, оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады: күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнап, 20 м/с жел жылдамдықпен соғады.
Қостанай облысының батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады: батыста және солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда найзағай ойнайды.
Қарағанды облысында күндіз батыста, солтүстікте және шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, көктайғақ болады. Түнде және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады: таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с. Батыста, шығыста және оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін.
Ұлытау облысында солтүстікте және шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ жауады, күндіз дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады: түнде шығыс пен оңтүстікте екпіні 15-18 м/с, күндіз 15-20 м/с. Жезқазғанда — найзағай, бұршақ, дауыл, желдің екпіні 15-20 м/с.
Павлодар облысында түнде батыста және оңтүстікте, күндіз батыста және солтүстікте күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстіктен жел соғады: күндіз батыста және оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Павлодарда найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз солтүстікте, шығыста, оңтүстікте найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады: екпіні 15-20, күндіз кей жерлерде 23 м/с күшейеді. Өскеменде найзағай ойнап, бұршақ жауып, желдің екпіні 20 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады: батыста, солтүстікте, оңтүстікте таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Семейде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпіні 15-20 м/с жел соғады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысында түнде солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады: оңтүстікте және шығыста екпіні 15-18 м/с. Орталықта өте жоғары өрт қаупі бар. Ақтөбеде найзағай ойнайды.
Атырау облысында батыстан солтүстік-батыстан жел соғады: түнде солтүстікте екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары.
Маңғыстау облысында солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батыста найзағай ойнайды.
Жамбыл облысында түнде солтүстікте, таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады: оңтүстік-батыстан, солтүстік-шығыста және тауларда екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі аймақта өте жоғары, шығыста жоғары. Таразда желдің екпіні 20 м/с-қа дейін күшейеді, өте жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысында солтүстікте, оңтүстікте және орталықта шаңды дауыл соғады. Батыс, солтүстік-батыстан жел соғады: солтүстік, оңтүстік және орталықта екпіні 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 15 м/с жетеді.
Түркістан облысында түнде солтүстікте найзағай ойнайды, солтүстікте және батыста шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады: солтүстікте, батыста және тауларда екпіні 15-20 м/с. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте желдің екпіні 15-20 м/с, Түркістанда шаңды дауыл, 20 м/с жел соғады.
Алматы облысында оңтүстікте және тауларда найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады: орталықта, оңтүстікте және тауларда екпіні 15-20 м/с. Солтүстікте және орталықта төтенше өрт қаупі бар, оңтүстік пен шығыста жоғары. Қонаев қаласында екпіні 20 м/с жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады: солтүстік-шығыста және орталықта екпіні 15-20 м/с, Алакөл көлдерінде 23-28 м/с. Талдықорғанда желдің екпіні 15-20 м/с.