Өскемен қаласында орталық базарда өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Қазақстан көшесінде орналасқан орталық базардағы контейнерлерінің бірінде матрацтар өртенді. Құтқарушылар оқиға орнына барып, қауіптің жоғары деңгейін растады. Тілсіз жау бір-біріне жапсарлас салынған қоймаларға таралып кете жаздады. Құтқарушылар оны дер кезінде тоқтатты.
"Өрт 50 шаршы метр аумаққа шарпыды. Зардап шеккендер жоқ. Өртке қарсы талаптарды сақтау адамдардың қауіпсіздігі мен мүліктің сақталуының кепілі екенін еске саламыз", - дейді құтқарушылар.