Астанадағы Тәуелсіздік даңғылы мен Ақыртас көшесінің қиылысындағы екі қабатты дәмханада өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 27 маусым күні кешкісін Алматы ауданында тіркелді. От бильярд орналасқан бөлмеден тұтанған. Хабар түскен соң құтқарушылар шұғыл жетіп, үш сатылы құтқару баспалдағының көмегімен шатырда қалып қойған екі қызметкерді аман-есен эвакуациялаған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр, – делінген министрлік мәліметінде.
Өрт кезінде қоғамдық тамақтану орнының қонақтары өз бетімен сыртқа шығып үлгерген.Зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің нақты неден шыққанын анықтап жатыр.