Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы "ТБЦ" аялдамасында жүкті әйел босанып қалғаны туралы ақпарат тарады. Анасы да дін аман, ал сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды eKaraganda.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 27 маусымда түскі уақытта ерекше оқиға болды. Әйел аялдамада толғағы қысып, босанып қалған. Оқиға куәгерлері жедел жәрдем шақырған.
Куәгерлердің сөзінше, жедел жәрдем көлігі шұғыл жетіп, әйелді алып кеткен.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері анасы мен сәбидің жағдайы туралы айтты.
"Көмек көрсету нәтижелері бойынша әйел мен жаңа туған сәби перинаталды орталыққа жеткізілген. Анасының жағдайы тұрақты. Бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр", - делінген ведомство хабарламасында.