Бұл күн 2019 жылдан бастап үкімет қаулысымен нақты бекітілді. Оған дейін осы сала мамандары төл мерекесін маусым айының соңғы жексенбісінде атап келді.
Айта кетері, 28 маусымда БАҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан. Кәсіби мерекенің датасы осы оқиғаға орайластырылған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жалпы баспа басылымдары, телеарналар, радио және интернет-ресурстарды қосқанда 5 855 БАҚ тіркелген.